Түркиядағы зілзала: қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты

928

20 мың құтқарушы адамдарды іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.  

Түркиядағы зілзала: қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты Фото: aa.com.tr

Түрік төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD).Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 41 мыңнан асты.

Түрік ТЖ салдарын жою басқармасы апат аймағындағы жағдай туралы айтып берді. Сонымен Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 41 020-ға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu сілтемесімен.

Жер сілкіністерінен кейін 6210-нан астам жер дүмпулері сезілді, деп атап өтті ведомствода.

AFAD мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта апат орнында Түркия мен шет елдерден іздеу-құтқару жасағының 19 436 мүшесі жұмыс істейді.

Апат аймағында барлығы 216 166 шатыр орнатылды, оларды Түркияның министрліктері мен тиісті мекемелері, сондай-ақ шет елдер мен халықаралық ұйымдар ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу