Түркияға демалыс турларының құны қымбаттады

2028

1 қаңтардан бастап жазғы маусым сапарларының құны 10-нан 20 пайызға қымбаттады. 

Түркияға демалыс турларының құны қымбаттады

Түркия барлық турлардың бағасын еуроға ауыстырып, тур пакеттерінің құнын біртіндеп көтеруде. Осылайша 1 қаңтардан бастап жазғы маусым сапарларының құны 10-нан 20 пайызға қымбаттады.

Төлем алдымен теңгемен жүргізіледі, кейін еуроға ауыстырылады.

Есеп айырысу валютасын өзгертудің негізгі себептерінің бірі – саяси аспект. Алайда, ресми себеп ретінде, көптеген түрік қонақ үйлерінің еуропалық нарыққа сәйкестендіріліп, еуроның есептеу валютасы ретінде "тұрақты" болуымен түсіндірілуде.

Еске салсақ былтыр ел азаматтарының басым бөлігі яғни 148 мың адам демалысын Түркияда өткізген. Дегенмен көктемгі демалыс кезінде Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Египетте баға тұрақты болады деді Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу