Түркияға круиздік кемемен келген туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті

441

Бұл туралы елдің көлік және инфрақұрылым министрлігі хабарлады. 

Түркияға круиздік кемемен келген туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті Фото: Ассоциация Туроператоров

2023 жылдың бірінші жартысында Түркия порттарына келген круиздік кемелер мен туристер саны бойынша рекордқа қол жеткізілді.

Министрдің айтуынша, әлем бойынша туризм саласы соңғы жылдары қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Алайда, осыған қарамастан Түркия әлемдегі ең танымал туристік бағыттардың бірі болып қала бермек.

- "Мұның нақты дәлелі - Түркия порттарына келетін круиздік кемелер санының үнемі өсуі. Өткен жылмен салыстырғанда, алғашқы алты айда Түркияға келген круиздік кемелер мен осы арқылы келген туристер саны бойынша рекордтық көрсеткіш орнады", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Министрдің айтуынша, шілдеде круиздік кемелердің саны өткен жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға өсті. Ал маусым айында Түркия порттарында барлығы 140 круиздік кеме зәкір тастаған.

"Маусым айында круиздік кемелермен келген туристер саны 58,2 пайызға өсіп, 180 мыңнан асты. Ал қаңтар-маусым айларында Түркия порттарына 420 круиздік кеме келді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 32,5 пайызға артық. Аталған кезеңде туристер саны 88,8 пайызға өсіп, 480 мыңға жетті", - деді елдің көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкәдір Уралоғлұ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу