Сол себепті, Түркияның Маниса провинциясында ер адам өртке кінәлі саналып, қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
CNN Türk телеарнасы Озджан Ташхан есімді тұрғынның 12 гектар жерді жалмаған өртті тұтатқанын мәлімдейді.
Ал Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибрагим Юмаклының сөзінше, соңғы бес күнде елде 340-тан астам өрт оқиғасы тіркеліп отыр.
– Манисадағы өрт ауыл шаруашылығы алқаптары мен орманды қоса алғанда 12 гектар жерді жойып жіберді. Өрттің шығу себебін тексерген полиция Озджан Ташхан есімді тұрғынды ұстады. Тергеу барысында ол жастықтан кене тауып, оны өртеп, кейін баққа лақтырғанын айтты. Сот оны қамауға алды, – делінген хабарламада.
Еске салайық, негізінен кенеден Түркияның солтүстік провинцияларының тұрғындары жыл сайын зардап шегіп келеді. Десе де, биылғы аптап ыстықтан қауіпті жәндіктер Ыстамбұл мен Антальяда да көп кездесіп жатыр.