Түркиялық фермер 4 тонна қызанақты тегін таратты

545

Ол тауарларын сатып алатын адам таппаған.  

Түркиялық фермер 4 тонна қызанақты тегін таратты Фото: haber.tr

Анталияның Серік ауданында фермер тұрғындарға өзі өсірген қызанағын тегін таратып жіберді, деп жазады inbusiness.kz сайты Haber.tr порталына сілтеме жасап.

Фермер Тұран Кыврак қызанақты қоймада шірітіп алғанша, мұқтаж жандарға таратқан әлдеқайда дұрыс деп шешкен.

"Біз Түркия Республикасының азаматтары ретінде бағаның қымбат-төмендігіне қарамай халқымызға таратып жатырмыз. Молшылық бар. Келіңдер, азаматтар, 5 лира ма? Жоқ! Тегін", – деді ол.

Ол көтерме базарда сата алмаған өнімді осылай таратып шықты. Көлікке тиелген қызанақ Чынаралты алаңында жергілікті тұрғындарға ұсынылып, тез арада қызығушылық тудырды. Көптеген адам көкөністі тегін алу үшін қолдарына сөмкелер мен жәшіктерін ұстап келген. Барлық жұрт фермерге алғыстарын жаудырып, ісіне береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу