Түркиялық инвестор Ақтөбеде дрон шығарады

923

Turkish Aerospace компаниясы Ақтөбедегі "№406 Азаматтық авиация жөндеу зауытымен" бірлескен кәсіпорын құрады.    

Түркиялық инвестор Ақтөбеде дрон шығарады Фото: world-nan.kz

Ақтөбе облысы түрік инвесторларымен стратегиялық әріптестікті кеңейтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түрік инвесторларының көмегімен Ақтөбеде дрон шығаратын бірлескен кәсіпорын құрылады. Ол базада ANKA ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығарып, оларға сервистік қызмет көрсетіледі.

Ал дайын дрондарды іздестіру-құтқару жұмыстарына, стратегиялық нысандарды күзетуге, мұнай-газ құбырларына мониторинг жүргізуге және табиғи қорық аймақтарын патрульдеуге пайдалану жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу