Түркияның Адана қаласында болған жер сілкінісі кезінде үрейленген тұрғындар терезеден секірген

397

Адана қаласында 5,5 балдық зілзала тіркелді. 

Түркияның Адана қаласында болған жер сілкінісі кезінде үрейленген тұрғындар терезеден секірген Фото: Vesti.az

Бүгін таңғы сағат 8:44-те Түркияның Адана қаласында 5,5 балдық жер сілкінісі орын алды. 15 минут өткеннен кейін 3,2 балдық үш кейінгі дүмпу тіркелді.

Апат және төтенше жағдай басқармасының хабарлауынша, Адананың Козан ауданында 5,5 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпу Османие және Газиантеп қалаларында да сезілді. Зілзаланың тереңдігі 11,27 километрге жетті. 

Адана қаласының губернаторы Сүлейман Елбанның айтуынша, қазір жүргізілген зерттеуге қарағанда ешқандай келеңсіз жағдай тіркелген жоқ.

Ал апат және төтенше жағдай басқармасының жер сілкінісі қаупін азайту бас директоры Орхан Татар жергілікті телеарнаға берген сұхбатында "Бұл зілзала Қахраманмарашта болған апаттан кейінгі дүмпулер деп санауға болады. Біз 6 ақпандағы жер сілкінісінен кейін де дүмпулер жалғасатынын ескерткенбіз, - деді. 

Сонымен қатар үрейленген бірнеше тұрғын терезеден секіріп жарақат алғаны хабарланды. Сондай-ақ, аудандағы кейбір жұмыс орындарына шамалы зиян келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу