Түркияның Анталья қаласына 11 миллионнан астам турист келді

426

Бұл - соңғы 8 айдағы көрсеткіш. 

Түркияның Анталья қаласына 11 миллионнан астам турист келді Фото: www.aa.com.tr

Осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Антальяға әуе арқылы келген шетелдік турист саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайыз артып, 11 миллионнан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz cайты Sözcü-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Жерорта теңізі туристік қонақ үйлер және операторлар қауымдастығының президенті Каан Кавалоглу мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл басынан бері Анталья қаласына әуе арқылы 11 миллионнан астам шетелдік турист келген.

"Ресейден келген турист саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,5 пайызға артты. Өткен жылы Анталья ресейліктер тарапынан таңдалған демалыс орны болды. Одан кейінгі келушілер қатарын Германия құрайды. 2 миллионнан астам неміс туристі қабылдадық. Биыл 17,3 пайыздық өсім бар", - деді ол.

Ал үшінші орынға 1 миллионға жуық келушімен Ұлыбритания жайғасты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу