Түркияның автокөлік саласы экспорт жөнінен рекорд орнатты

704

Түркияның автокөлік өнеркәсібінің наурыз айындағы экспорт көлемі 3,3 миллиард долларды құрады.

Түркияның автокөлік саласы экспорт жөнінен рекорд орнатты Фото: МК Турция

Ұлұдағ автокөлік өнеркәсібі экспорттаушылар қауымдастығының мәліметіне сәйкес, түрік автокөлік өнеркәсібінің наурыз айындағы экспорты 3,3 миллиард долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8 пайызға өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Түркияның шетелдік сатылымында бірінші орында тұрған автокөлік өнеркәсібінің ел экспортындағы үлесі 13,9 пайызды құрады. Жылдың алғашқы үш айында автоөнеркәсіп экспорты 15,8 пайызға өсіп, 8 миллиард 619 миллион долларға жетті.

Наурыз айында жеңіл автокөліктердің экспорты 47 пайызға өсіп, 1 миллиард 7 миллион долларды, ал жүк көліктерінің экспорты 9 пайызға төмендеп, 483 миллион долларды құрады, орта кластағы автобустардың экспорты 47 пайызы өсіп, 179 миллион долларға жетті. 

Сондай-ақ, өткен айда түрік автоөнеркәсібінің бас импорттаушысы Германия болды. 475 миллион долларлық экспорт жасалды. Одан кейін Франция - 434 миллион доллар және Ұлыбритания - 309 миллион долларды құрады. Айта кетейік, өткен жылы Түркияның жеңіл автокөліктері 110 ел мен аймаққа экспортталып, 9,2 миллиард долларлық көрсеткішке қол жеткізген.  Алайда бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға азайған. 

Сонымен қатар 2021 жылы Түркиядан Қазақстанға 12 миллион 306 мың доллар көлемінде жеңіл автокөліктер экспортталған, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 68 миллион 825 мың долларды құрады.

Елдегі автокөлік өнеркәсібі экспорт көлемін 34 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу