Түркияның "Бешикташ" клубы қазақстандық футболшымен келісімге отырмақ

737

"Бешикташ" қазақстандық футболшы Бахтияр Зайнутдиновты қатарына қосты. 

Түркияның "Бешикташ" клубы қазақстандық футболшымен келісімге отырмақ Фото: www.yenicagri.com

Түркияның әйгілі "Бешикташ" клубы бүгін Бахтияр Зайнутдиновпен келісімге отырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

25 жастағы қазақстандық футболшы Бахтияр Зайнутдинов бұдан былай Түркияның атақты "Бешикташ" клубында ойнайды. Ол кеше түнде аталмыш клубпен трансфер процестерін жүзеге астыру үшін Ыстанбұлға келді. Денсаулығын тексергеннен кейін келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. Футболшыны жергілікті телеарна өкілдері мен жанкүйерлер қарсы алды.

Бахтияр Зайнутдинов бұған дейін Мәскеудің ЦСКА командасында ойнаған. Өткен маусымда 27 ресми матчта бір гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

 Түркияның Футбол федерациясының нұсқауды өзгертуімен 25 жастағы қазақстандық ойыншы Супер лигада отандық ойыншы дәрежесінде ойнай алады.

Айта кетейік, жүргізілген өзгертулерге сәйкес Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан азаматы болып табылатын кем дегенде 1 футболшы шетелдік ойыншы ретінде саналмайды.

Сонымен қазақ ойыншысы шабуылшы, жартылай қорғаушы, сол қанатта, сол қапталда және орталық қорғаушы сияқты әртүрлі позицияларда ойнай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу