Алапат өртпен күресіп жатқан орман қызметкерлері мен құтқарушылар қызыл жалынның ортасында қалып қойған, деп жазады inbusiness.kz сайты peky.com-ға сілтеме жасап.
Өрт кезінде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріліп, жел тұрған. Елде маусым айынан бері 1500-ден астам өрт тіркелген. Оның 600-ден астамы орман алқаптарында болды.
Қазір Түркияның 7 аймағында орман өрттерімен күрес жалғасып жатыр. Түркия ауыл шаруашылығы және орман министрлігінің хабарлауынша, Ескишехирде басталып, Афионкарахисарға дейін жалғасқан орман өртінде 19 орман қызметкері мен 5 құтқарушы от ішінде қалып қойған. 11 кісі қаза тапты. Қалған 14 адам ауруханада ем қабылдап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу