"Түркияның президенттік туры". "Астана" шабандозы екінші кезеңде жеңіске жетті

127

Astana Qazaqstan Team шабандозы Макс Кантер "Түркияның президенттік турының" екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Түркияның президенттік туры". "Астана" шабандозы екінші кезеңде жеңіске жетті Фото: Astana Qazaqstan Team

Түркиялық көпкүндіктің екінші жарыс күні Кемерден басталып, 190 шақырымнан кейін Кашта аяқталды. Жарыс жолында бірнеше таулар мен соңғы спринтпен жоғары өрмелеу болды. Онда Макс Кантер қарсыластарына жеңіске еш мүмкіндік қалдырмай, тамаша спринт көрсетті. 26 жастағы Макс Кантер үшін бұл кәсіби мансабындағы алғашқы жеңісі болды.

"Бүгін біз финалдық спринтке дайындалдық. Команда маған толық сенім артып, кезеңнің көшбасшысы болдым. Әріптестеріме ризашылығымды білдіргім келеді. Олардың барлығы бүгін өте жақсы жұмыс жасады, әсіресе финалда. Давиде Баллерине жарақатынан жақында ғана айығып, жарыс жолына қайта оралды. Бүгін ол мені соңғы спринтте мінсіз алып жүрді. Жарысты жақсы нәтижемен аяқтағаныма қуаныштымын. Мен үшін эмоцияға толы күн болды. Өйткені бұл менің кәсіби алғашқы жеңісім. Ұзақ уақыт бойы жеңіске жеткім келді және ақыры сол жеңіске қол жеткізгеніме қуаныштымын", — деді Макс Кантер.

"Түркияның президенттік туры". Екінші кезең

Кемер — Каш. 190,6 шақырым

Макс Кантер (Германия, Астана) – 4:43:16

Анри Улиг (Германия, "Альпецин-Децеунинк")

Тобиас Лунд Андресен (Дания, “dsm-firmenich PostNL”)

Давиде Баллерине (Италия, Астана)

Мартин Лопес (Эквадор, Астана)

Вадим Пронский (Қазақстан, Астана)

Никола Винокуров (Қазақстан, Астана)

Рюдигер Зелиг (Германия, Астана) — +9:18

Марк Кавендиш (Ұлыбритания, Астана)

Айта кетейік, 21-сәуір басталған түркиялық велодода 28 сәуірге дейін жалғасады. Спорт директорлары Дмитрий Фофонов пен Стефано Занинидің жетекшілігімен астаналық шабандоздардан Давиде Баллерини, Марк Кавендиш, Макс Кантер, Харольд Мартин Лопес, Вадим Пронский, Рюдигер Зелиг, Николя Винокуров жарыс жолына шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу