Түркияның төрт порты әлемдегі ең үздік 100 теңіз айлағының қатарына енді

274

Lloyd's List журналы жүргізген зерттеу бойынша, түрік порттары үздіктер қатарында.

Түркияның төрт порты әлемдегі ең үздік 100 теңіз айлағының қатарына енді

Амбарлы, Қожаелі, Мерсин және Текирдағ порттары контейнерлік тасымал саны бойынша әлемдегі ең үздік 100 айлақтың қатарына енді.

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің мәліметінше, аталмыш айлақтар контейнерлік тасымал саны бойынша әлемнің үздік 100 портының рейтингіне енді.

Атап айтқанда, тізімде Амбарлы порты 74-ші, Қожаелі 89-шы, Мерсин 92-ші, Текирдағ 100-ші орынға жайғасты.

Министрліктің мәліметінше, бұл жетістік - кеме қатынасы мен логистика саласына құйылған ауқымды инвестицияның нәтижесі, сондай-ақ елдің теңіз әлеуетін дамытуға жасалған маңызды қадам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу