Түркияның туристік аймағы өртке оранды

683

Антальяның Кемер провинциясында кеше кешкісін басталған өртті ауыздықтау әлі жалғасып жатыр.  

Түркияның туристік аймағы өртке оранды Фото: www.trthaber.com

Кеше кешкі сағат 9-дан кете Антальяның Кемер ауданында орман алқабында белгісіз себеппен шыққан орман өрті желдің әсерінен кең аумаққа тарады.

Қалың ағаш аймағында тұтанған өртке түннен бастап 50-ден астам жаңбырлатқыш, көптеген су цистерналары, жедел жәрдем көліктері және 300-ден астам өрт сөндіру бригадалары араласты.

Жергілікті БАҚ-қа сүйенсек, түтіннен зардап шеккен 6 адам ауруханаға жеткізілген. Сақтық шарасы ретінде өрт аймағына жақын орналасқан 10 тұрғын үй эвакуацияланды. Кемер мемлекеттік ауруханасында жатқан науқастар да басқа емханаларға ауыстырылды.

Оқиға орнында болған ішкі істер министрінің орынбасары Каралоғлу өртке қатысты ылғалдылық деңгейінің төмен, ауа температурасының жоғары екенін айтып, қауіпті кезеңнен өтіп жатырмыз деді.

"Кемер - туризм аймағы, бірақ қазір өрт туризм нысандарына қауіп төндіріп жатқан жоқ. Қонақтарымыз өз мекемелерінде демалыстарын тыныш өткізуде. Өрт шыққан аймаққа жақын орналасқан Кемер мемлекеттік ауруханасы бар. Сақтық үшін губернаторымыз оны эвакуациялады. Ауруханада 14 науқас бар еді, оның 12-сін үйлеріне шығарды. Ал қалған 2 науқасты басқа ауруханаға ауыстырды. Өрт аймағына жақын он үйді босатты", - деді министрдің орынбасары.

Таңның атысымен өрт аумағын әуеден барлау басталды. Дәл қазір өртті сөндіруге 10 ұшақ пен 22 тікұшақ жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу