Түрмеде "соңғы қоңырау" соғылды

1018

Қарағанды облысындағы түзету мекемесінде 75 сотталушы үшін "соңғы қоңырау" салтанаты өтті.

Түрмеде "соңғы қоңырау" соғылды

Қарағанды облысында темір тордың ар жағында жүргендер үшін де 25 мамырда "соңғы қоңырау" соғылды. Салтанатты шараға он  жылдық мектепті бітірген түлектер мен түзету мекемесінің мамандары мен ұздаздары тыңғылықты дайындалыпты. Карантин жағдайына байланысты, мектепті аяқтаған сотталушылардың туған-туыстары шақырылмаған.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесіндегі мектепте орта білім алмаған сотталушылар оқиды. Бүгінде сол орта мектепті 75 айыпталушы тәмамдағалы отыр.  Түлектердің ішінде ең үлкені  – 45 жаста .

"Соңғы қоңырау" мерекесінде түрме басшылығы мен мектеп директоры мектепті үздік аяқтаған түлектерге мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыс етті. Енді түрмедегі түлектер үшін алда емтихан сынақтары қалды. Емтиханнан сүрінбей өткендер орта мектепті тәмамдағаны туралы аттестат алатын болады.

"Енді түлектердің алдында мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырып шығу міндеті тұр. Барлық ұстаздарға алғыс білдіреміз, карантин жағдайында талаптарды сақтай отырып оқушыларды оқытып шықты. Оқу процесі үзілген жоқ",- деп мәлімдеді АК - 159/7 мекемесіндегі 10 мектеп  директоры Рустам Аршкенов.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу