"Тұрмыс" операциясы: Атырауда жиі жанжал болатын отбасылар бақылауға алынды

208

27 қаңтардан бастап өңірде "Тұрмыс" атты жедел-профилактикалық іс-шара басталды.  

"Тұрмыс" операциясы: Атырауда жиі жанжал болатын отбасылар бақылауға алынды Фото: polisia.kz

Атырау қаласы №1 полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірге жанжал жиі болатын отбасыларды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері "102" арнасына 100-ден астам қоңырау түскен. Соның нәтижесінде 79 адамға қорғау нұсқамасы беріліп, 20 азаматқа сот шешімімен мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар қойылды.

Бұл шаралар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қайталануына жол бермеуге бағытталған.

"Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе куәгер атансаңыз, дереу полицияға хабарласуыңыз қажет. "102" арнасы тәулік бойы кеңес беріп, көмек көрсетуге дайын", – делінген Атырау облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу