Тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалар жиі жоғалады

521

2022 жылдың басынан бері Қазақстанда 2075 адам із-түссіз жоғалып, олардың 1189-ы табылды. 

Тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалар жиі жоғалады Фото: ranak.me

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Нұрлан Темірбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша,  маусымдық жұмысқа, ұшуға және іссапарға кетуіне байланысты көп жағдайда ер адамдар із-түссіз жоғалады. "Әйелдер арасында ішімдікке салынғандар, ал жасөспірімдер арасында тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалар жиі жоғалып кетеді. Кәмелетке толмағандардың кетуінің негізгі себептері: ата-аналармен жанжалдар, балалардың бөлек тұруға ұмтылуы. Балалардың ата-анасының жазалауынан қашу немесе компьютерлік клубтарда ойнау үшін үйден, мектептен қашып кету жағдайлары да кездеседі", дейді Нұрлан Темірбаев.

Биыл 186 жасөспірім із-түзсіз жоғалды деп танылып, 176-сы табылған, алтауы әлі іздестіріп жатыр. Олардың екеуі Шымкент қаласында, қалғандары Алматы қаласында, Алматы, Жетісу, Түркістан облыстарында жоғалып кеткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу