"Нағыз жомарт!": Тұрсынғали Алагөзов тағы 50 қызметкеріне үй сыйлады

Қуанышты жайтты блогер Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.   

"Нағыз жомарт!": Тұрсынғали Алагөзов тағы 50 қызметкеріне үй сыйлады Фото: Видеодан скриншот

Осылайша, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өзі басқаратын сыра зауытының 50 жылдығына орай онда ұзақ жыл еңбек еткен қызметкерлерін қуантты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол басынан қиын кезеңдер өткенін, сонда "баспанамнан айырылып қалам ба?" деген қорқынышы болғанын, ипотекадағы пәтерін төлей алмағанын мысалға келтірді.

– Әріптестеріме көмектесуге мүмкіндік туған кезде, еш ойланбастан, ештеңеге қарамай, адамдарға қолдау көрсетуім керек екенін түсіндім. Өйткені, мен де жалдамалы пәтерде тұрдым. Қалтамда бар болғаны 10 мың теңгемен күн көрген кезді бастан өткердім. Ол пәтер ипотекада еді, мен оны төлей алмай, күн сайын "баспанамнан айырылып қалам ба?" деп қорқатынмын. Сондықтан мұның қаншалықты қиын екенін жақсы білемін, – деді ол.

Пәтер кілтін табыстау барысында Тұрсынғали Алагөзов сол кездегі уәдесін жұтпай, орындауды парыз санағанын жеткізді.

– Сол кезде өзіме уәде бердім. "Егер бизнесімді қайта қалпына келтіре алсам, адамдарға көмектесемін" дедім. Сондықтан, бүгін осында отырған баршаңызға жеке өз атымнан пәтер сыйлағым келеді, – деді ол.

Жаза кеткен жөн, бір жыл бұрын меценат кәсіпорынның дамуына ерекше үлес қосқан 100 қызметкеріне пәтер кілтін табыстаған еді.

Мұнан өзге қызметкерлерінің 65 жастан асқан ата-аналарына зейнетақы төлейтінін мәлімдеп, елдің алғысын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу