Түскі саудада доллар қайта қымбаттады

221

7 қарашадағы доллар бағамы - 464,49 теңге.

Түскі саудада доллар қайта қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 1,89 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағамы 464,49 теңге болды.

Ұлттық банктің 7 қарашаға белгілеген ресми бағамы: 1 долларға – 462,46 теңге, Ресей рубліне – 5,01теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 464,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 467,5 теңге.

Ал Астана қаласында 465 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 469 теңге.
Ресей рублі 4,95 – 5, 01 теңге аралығында құбылып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу