Тұтыну бағаларының индексі 100,2 пайызды құрады

2043

Тұтыну бағаларының индексі 100,2 пайызды құрады

Павлодар облысында 2017 жылғы шілде айында тұтыну бағаларының индексі 100,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының және ақылы қызметтерінің бағалары 0,2%-дан, азық-түлік емес тауарлары – 0,3%- ға өсті, деп хабарлайды статистика комитеті.

Азық-түлік тауарлары бойынша сәбіз бағасы 22,8%-ға, пияз – 15,9%-ға, қызылша – 4%-ға, картоп – 2,1%-ға қымбаттады. 
Сонымен қатар қырыққабат бағасы 15,1%-ға, жұмыртқа – 0,4%-ға, қарақұмық жармасы – 0,3%-ға төмендеуі байқалды.
Азық-түлік емес тауарлары нарығында дизельдік отын бағасы 1%-ға, киім және аяқ киім – 0,5%-ға өсті.
Ақылы қызметтер бойынша әуе қызметтері және жолаушылар теміржол көлігінің қызметтерінің орташа бағасы 0,8%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу