Тұтыну бағаларының индексі 100,5 пайызды құрады

2057

Тұтыну бағаларының индексі 100,5 пайызды құрады

Жамбыл облысында тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы шілдеде маусымдағымен салыстырғанда 100,5%-ды құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,1%-ға, ақылы қызметтердің тарифтері 2%-ға қымбаттап, азық-түлік тауарлардың бағасы 0,5%-ға арзандады, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті. 
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі мөлшерімен есептелген орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы облыс бойынша 2017 жылғы шілдеде 21668 теңгені құрады және 2016 жылғы желтоқсандағыдан 10,2%-ға өсті. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы өткен аймен салыстырғанда Тараз қаласында – 3,3%-ға, Жамбыл ауданында – 4,6%-ға, Жуалы, Таласта – 4,1%-дан, Сарысуда – 4%-ға, Мойынқұмда – 3,6%-ға, Байзақта – 3,4%-ға, Т.Рысқұлов ауданында – 3,2%-ға, Қордайда – 2,8%-ға, Меркі, Шу аудандарында – 1,5%-дан кемігені тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу