Тұтынушылар коммуналдық қызметке 17 млрд теңге қарыз

726

Монополистердің қызмет көрсету сапасы төмендеуі мүмкін. 

Тұтынушылар коммуналдық қызметке 17 млрд теңге қарыз

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деді. 

"Бүгінгі күні коммуналдық қызмет үшін тұтынушылардың берешегі 17 млрд теңге болып отыр. Осы жылдың өзінде дебиторлық берешек 3,4 млрд теңгеге артты. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында қарыздың өскені анықталды. Бұл монополистердің сапалы қызмет көрсетуіне кері әсер етеді", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу