Тұтынушылар құқығын қорғау органдарына 6 мың арыз түскен

1242

Олардың көбі қаржылық, медициналық, көлік қызмет көрсетуге қатысты. 

Тұтынушылар құқығын қорғау органдарына 6 мың арыз түскен

2020 жылдың алғашқы жартысында тұтынушылар құқығын қорғау органдарына қазақстандықтардан 6 мыңнан аса арыз келіп түскен, деп хабарлады ranking.kz.  

Ал өткен жылы отандастарымыз жалпы саны 6 мың рет шағымданған еді. Олардың көбі қаржылық, медициналық, көлік және тұрмыстық қызмет көрсету мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, бөлшек сауда саласына қатысты. 

Сондай-ақ, арыз санының артуына пандемия да әсер етті. Себебі жыл басынан бері өткізуге тыйым салынған тойлар, концерттік кештер мен туристік саяхаттардың ақшасын қайтару бойынша базыналарын айтқандар көп болған. 

6 айда жалпы сомасы 709,6 мың теңгеге 23 шара ұйымдастырылмаған.  Шағымданған тарапқа оның тек 63,4%-ы немесе 449,6 мың теңгесі қайтарылды. Сонымен қатар 8,8 млн теңгеге 50 отбасылық шара өткізілген жоқ. Аталған қаржының 89,6%-ы немесе 7,9 млн теңге қайтарылған. Ал өзге шағымдар әлі қарастырылуда. 

2019 жылы тұтынушылар құқығын қорғау органдарына жеке тұлғалардан жалпы саны 6 мың шағым түскен. Оның  3816-ын байланыс телефондарына қоңырау шалып хабарлаған, 1245 адам ойын ауызша жеткізген, жазбаша түрде 970 арыз түскен. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу