Тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасы 10% өскен

805

Биыл елімізде электрмен жабдықтау бағасы 12,5%, ал тұтынушылар үшін 10% көтерілген.  

Тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасы 10% өскен

Бұл туралы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Энергетика министрлігі 15% өсіммен 37 энергия өндіруші ұйымға тарифті бекіткен.

"Бұл соңғы тұтынушы үшін электр, жылу, сумен жабдықтау бағасына мультипликативті әсер етеді. Осыған байланысты электрмен жабдықтау бағасының өсуі Қазақстан бойынша орта есеппен 12,5%, халық үшін бағаның өсуі орта есеппен 10% болды. Бұл өсім 2020 жылмен салыстырғанда жоғары", - деді Асхат Жапсарбай ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, биыл 1 шілдеде Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға үстемақы енгізген.

"Осыны ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдар үшін тарифтердің өсуі орта есеппен 7,2%, соңғы тұтыну үшін электр энергия бағасының болжамды өсуі 3,5%", - деді комитет төрағасы міндетін атқарушы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу