Тұтынушылардан түсетін шағым үш есе көбейді

427

Қостанай облысында тұтынушылардан түсетін шағым үш есе артты. 

Тұтынушылардан түсетін шағым үш есе көбейді Фото: inbusiness.kz

Тұрғындар, көбіне, сауда-саттық, қоғамдық тамақтандыру мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, туристік операторлардың жұмысына арызданған. Соңғы жылдары ғаламтор арқылы электронды сауда жасаймын деп алданғандар көбейді. 

Былтыр 1 мың 500 тұтынушыдан өтініш түскен. Олар 28 млн теңге шығынға батқан. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп.  Заң бұзған кәсіпкерлерге 500 мың теңге айыппұл салынды. Бір ғана мысал, құлаққапты айырбастамаған дүкен иесі 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 172 мың 500 теңге айыппұл арқалады. Сол үшін, биыл әкімшілік жауапкершілікке ілігетін кәсіпкерлердің саны еселене түсуі мүмкін. Өйткені, шағын бизнесті тексеруге рұқсат берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу