Тұтынушылардың берешегін төмендету қажет

2204

Еліміздің бірқатар облысы мен қаласында дебиторлық қарыз өсті. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұтынушылардың берешегін төмендету қажет

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде министрлер кабинетінің жетекшісі өткен жылыту маусымының қорытындысы мен келесі маусымға дайындық шарасын тілге тиек етті. 

"1 маусымға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала нысандарын дайындау бойынша іс-шаралар жоспарын  бекітуді тапсырамын. Солтүстік және шығыс өңірлерінің ауарайы жағдайын ескере отырып, 1 қыркүйекке дейін – білім беру ұйымдарының, 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылымның, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала нысандарының толығымен дайын болуын қамтамасыз ету қажет", – деді Асқар Мамин. 

Бұдан кейін үкімет басшысы тұтынушылардың дебиторлық берешегін төмендету және энергия өндіретін ұйымдардың отын жеткізушілердің алдындағы берешегін өтеу шарасын қабылдау қажеттігіне назар аударды. 

"Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері дебиторлық берешектің өсу проблемасына назар аударсын", – деп қорытты сөзін премьер министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу