Тұтынушылардың құқығын қорғауға басымдық беріледі

793

Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов тұтынушылардың құқын қорғайтын ұлттық қауымдастық құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұтынушылардың құқығын қорғауға басымдық беріледі

Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VІ отырысында заңнамаға тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған өзгеріс пен түзету енгізуді тапсырғанын еске салды. 

"Министрлік тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасына тиісті өзгеріс әзірлеп жатыр. "Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығы" коммерциялық емес ұйымдарының мәртебесін заңнамалық бекіту мәселесі пысықталуда. Заңнамаға тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты туралы түзету енгізу бастамасы көтеріліп жатыр", – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның сөзінше, омбудсменге тұтынушылардың құқығы жиі бұзылатын салаларды реттейтін мемлекеттік органның басшыларына жүйелі проблемалары тікелей жеткізу құқы беріледі. 

"Әлеуметтік сауалнама қатысқан 20 мың респонденттің 56%-ы тұтынушылардың ұлттық қауымдастығын және омбудсмен институтын құру ұсынысын қолдады. Бұған ұқсас инстиуттар Германияда, Швейцарияда, Швецияда, АҚШ-та және басқа елдерде қызмет көрсетіп жатыр", –  деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу