Тұтынушылардың шағымы үшін кәсіпкерлерге айыппұл салу ұсынылды

Мәжілісте "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасы қаралуда.  

 Тұтынушылардың шағымы үшін кәсіпкерлерге айыппұл салу ұсынылды Фото: inbusiness.kz

Құжаттағы жаңалықтың бірі – тұтынушылардың тауарларға қатысты шағымдары бойынша кәсіпкерлерге айыппұл салу туралы ұсыныс, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кәсіпкерлерге жүгінген кезде құқығы бұзылса, сонымен қатар іс сотқа дейінгі сатыда шешілмесе, тұтынушының пайдасына кәсіпкерге айыппұл түріндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылады", - деді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев заң жобасын таныстыру барысында.

Айыппұл тұтынушының талап-арыз сомасының 10%-дан 50%-ына дейін қамтиды. Талап сомасы неғұрлым аз болса, жоғарыда көрсетілген шектерде айыппұл соғұрлым көп болады.

Оның айтуынша, бұл норманың бірнеше жағымды жақтары бар.

Мәселен, кәсіпкерлерді сотқа дейінгі кезеңде заң бұзушылықтарды өз еркімен жоюға итермелейді. Бұл тұста "осы жерде және қазір" принципі іске қосылады. Тағы бір тұсы, тұтынушылардың қажеттіліктеріне назар аудару. Сонымен қатар, қоғамдық мониторингті дамыту және өркениетті нарықтық экономиканы құруға мотивация пайда болады.

"Мұндай оң тәжірибелер Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де байқалады", - деп қосты спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу