Банктен банкке күнде ақша аударатындарға қуанышты жаңалық жарияланды

1608

Ақша аударымдарын тексерудің бірқатар критерийлері бар. 

Банктен банкке күнде ақша аударатындарға қуанышты жаңалық жарияланды Фото: mail.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдарды тексеру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Туыстар арасындағы мобильді аударымдар тексеріле ме?" деп сұрады.

"Егер де анасы баласына, әкесіне, ағасына ақша жіберетін болса, ешқандай мәселе жоқ. Ақша көлемі 1-2 млн теңге болса да, сұрақтар туындамайды. Ал егер әртүрлі 100 жеке тұлға 3 ай қатарынан бір адамға ақша аударатын болса және сома 1 млн теңгеден асатын болса, онда тексеруге ілігеді", – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін Парламент жаңа Салық кодексін Президентке жіберетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу