Twitter қолданушылары Илон Масктың отставкаға кетуін сұрайды

620

Маск өзінің Twitter бас директоры қызметінен кету-кетпеуін әлеуметтік желі қолданушылары шешсін деп дауысқа салған және оның нәтижелеріне бағынуға уәде берген болатын.  

Twitter қолданушылары Илон Масктың отставкаға кетуін сұрайды Фото: aa.com.tr

Twitter қолданушыларының көпшілігі Илон Масктың осы платформаның басшысы қызметінен кетуін қолдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Соңғы екі ай ішінде Масктың қызмет бабындағы шешімдері талай дауға қалып, қолданушылар арасында түсініспеушіліктер тудырды.

Маск жексенбіде сауалнама нәтижелеріне бағынамын деп уәде берді, бірақ қашан отставкаға кететінін нақты айтпады. Оның айтуынша, әзірге бұл лауазымға тағайындайтын адам жоқ.

Сауалнама қатысушыларының шамамен 57,5%-ы Масктың Twitter басшысы қызметінен кету идеясын қолдады, ал 42,5%-ы қарсы дауыс берді - жексенбі күні кешке басталған сауалнама нәтижелері. Дауыс беруге 17,5 миллионнан астам адам қатысты.

Сауалнама Twitter-дің құпиялылық саясатына өзгертулер енгізіліп, бірқатар журналистердің аккаунттары бұғатталып, қайта ашылып, Еуропадағы жаңалықтар ұйымдары, құқық қорғау топтары мен шенеуніктер тарапынан айыптауға алып келген аласапыран аптаның қорытындысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу