"ТЫНЫС" өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісін арттырды

742

"Көкшетау-4П" аппараты қызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді.

"ТЫНЫС" өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісін арттырды

"Тыныс" зауыты коронавирустық пандемияға қарсы шаралар аясында адам өкпесін жасанды желдету аппараттарының өндірісін арттырды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

2020 жылға арналған осы өнімнің өндірістік жоспары жылына 500 дана жиынтық өнімге дейін ұлғайтылды. Қазір зауыт жұмысшылары екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін зауыт жылына 30 дана жиынтық қондырғылар шығарып келген еді.

"Тыныс" – өкпені жасанды желдетуге арналған құрылғылар шығаратын еліміздегі жалғыз кәсіпорын. "Көкшетау-4П" аппараты қызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді.

Қазірдің өзінде 19 данадан тұратын  аппараттардың алғашқы партиясы еліміздегі медициналық мекемелерге жеткізілді, ал 40-тан астамы қоймада жөнелтілуге дайын тұр.

Сонымен қатар, аталмыш кәсіпорын мақта маталарынан қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар өндірісін игерді. Бұл қорғаныш заттарымен Ақмола облысының медициналық, мемлекеттік мекемелері мен жеке кәсіпорындары қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік, "Tыныс" негізінен ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектер, ҚР күштік құрылымдары үшін жеке қорғаныс құралдарын шығарады. Сондай-ақ, мұнай-газ, теміржол саласы және т.б. үшін де арнайы азаматтық өнімдер шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу