Тәжікстан аумағында жер сілкінді

273

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Тәжікстан аумағында жер сілкінді Фото: Liter.kz

Жерасты дүмпуі 9 қаңтарда Астана уақытымен  сағат 2:14-те (Гринвич бойынша 8 қаңтар күні кешкі сағат 21:14) Тәжікстан аумағында тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, зілзала ошағының бағыты 38.74 градус солтүстік ендік, 73.23 градус шығыс бойлықта жатыр.

Магнитудасы mpv=5.9.

Энергетикалық класы K=12.7.

Тереңдігі h=187 шақырым.

NOVA24-LIVE Telegram арнасының хабарлауынша, 9 қаңтар күні сағат 2:14-те Тәжікстандағы жер сілкінісі Өзбекстанда сезілді. Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы 4,0 балды болған, ал Өзбекстан аумағында сезілуі мынадай:

– Ферғана облысы: 2-3,балл, 260 шақырым

– Әндіжан облысы: 2 балл, 85 шақырым

– Наманған облысы: 2 балл, 325 шақырым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу