ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты

72

Жаңа техника – Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңартылып жатқан авиациялық паркіндегі үшінші ұшақ. 

ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты Фото: ҚР ТЖМ

Шымкент халықаралық әуежайында жаңа L-410 көп мақсатты әуе кемесін қабылдау рәсімі өтті. Бұл ұшақ Өнеркәсіпті дамыту қорының қаржылай қолдауымен сатып алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа әуе техникасының Шымкентке жеткізілуі – маңызды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандар шоғырланған ірі стратегиялық орталық үшін ерекше маңызға ие.

"Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры Алпамыс Камалов авиациялық парктің жаңартылуы құтқару бөлімшелерінің мүмкіндіктерін арттыруға, әрекет ету уақытын қысқартуға және оңтүстік өңірдің жедел қызметтерінің мобильдігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. 

– Жаңа L-410 ұшағы 19 жолаушы немесе 1800 келіге дейін жүк тасымалдауға қабілетті. Ол дайындалмаған алаңдарға қона алады. – 50-ден +50 °C-қа дейінгі кең температуралық диапазонда жұмыс істейді. Бұл сипаттамалар оны қиын қолжетімді аймақтарда және қатал климат жағдайында пайдалануға тиімді етеді. Ұшақ санитарлық авиация міндеттерін орындау үшін де қолданылуы мүмкін. Бортта ауыр науқастарды тасымалдауға арналған заманауи зембілдер мен жабдық орнатылған. Қажет болған жағдайда әуе кемесін қосымша медициналық техникамен жабдықтауға болады, – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу