ТЖМ басшысы Astana Motors кәсіпорындарында арнайы техниканың өндірісімен танысты

91

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары барысында Алматыдағы автомобильдер мен арнайы техниканың өндірісімен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ТЖМ басшысы Astana Motors кәсіпорындарында арнайы техниканың өндірісімен танысты Фото: gov.kz

Министрге Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытындағы дәнекерлеу, бояу, құрастыру цехтары және дайын өнімдер көрсетілді.

Сапар барысында Astana Motors компаниясы шетелдік автоконцернге тиесілі қазақстандық өндірістегі пикаптарды таныстырды, оларды кейіннен ТЖМ-ге тапсырады.

Осы автокөліктер Алматы қаласындағы Astana Motors коммерциялық техника зауытында шығарылады. Мұнда төтенше жағдайларды жою кезінде пайдаланылатын арнайы мақсаттағы автокөліктер өндіріледі. Техника сенімділігі мен оның әртүрлі пайдалану жағдайларына бейімделуіне ерекше назар аударылады.

Тараптар өндірісті дамыту және арнайы техникалар желісін кеңейту мәселелерін талқылады. Жергілікті қамту үлесін арттыру және импорттық құрамдас бөлшектерге тәуелділікті азайту қажеттілігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың маңыздылығы ерекше айтылды. Арнайы техниканың отандық өндірісін дамыту ТЖМ бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және төтенше жағдайларға жедел ден қою дайындығын арттыруға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу