ТЖМ науқас әйелді тікұшақпен Ақтөбеге жеткізді

138

Науқастың жағдайы шұғыл медициналық көмекті қажет еткендіктен, министрліктің тікұшағын пайдалану туралы шешім қабылданды.

ТЖМ науқас әйелді тікұшақпен Ақтөбеге жеткізді Фото: Бейнежазбадан

ТЖМ "Қазавиақұтқару" экипажы Санитарлық авиация бригадасымен бірлесіп, Қандыағаш қаласынан Ақтөбеге 1999 жылы туған әйелді жедел түрде жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл қысқа мерзім ішінде алыс қашықтықты еңсеріп, науқасты ауруханаға уақытылы жеткізуге мүмкіндік берді.

Құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекеті қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етіп, адам өмірін аман алып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу