ТЖМ тікұшағы 4 жастағы баланы Катонқарағайдан Өскеменге жеткізді

95

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" тікұшағы Катонқарағай ауданынан Өскемен қаласына 4 жастағы баланы жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ТЖМ тікұшағы 4 жастағы баланы Катонқарағайдан Өскеменге жеткізді Фото: gov.kz

Ұшақта санавиация дәрігерлері науқастың жағдайын үнемі бақылап отырды. Ұшу сәтті аяқталып, бала облыс орталығындағы медициналық мекемеге емделуге тапсырылды.

ҚР ТЖМ авиациялық бөлімшелері тәулік бойы дайындықта болып, шалғай елді мекендерден келетін жедел шақыртуларға жылдам әрекет етеді. Бұл қызметтің маңыздылығы жерүсті тасымалдау ұзақ уақыт алатын жағдайларда арта түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу