– "Қазавиақұтқару" ұшқыштары Сергей Пинигин мен Бауыржан Бөтенбаев санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Күдербаева және Бек Асаубаевтың сүйемелдеуімен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж пациентті тікұшақпен Риддер қаласынан Өскеменге жедел жеткізді. Ұшқыштар мен дәрігерлер командасы қауіпсіз ұшуды қамтамасыз етіп, әйел адамды облыс орталығындағы медициналық мекеме қызметкерлеріне тапсырды, – делінген хабарламада.
Осылайша, санитарлық авиация жедел көмек көрсетіп, адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу