ТЖМ тікұшағы Павлодардан Астанаға науқасты шұғыл жеткізді

217

Жыл басынан бері санитариялық авиация 355 пациентті тасымалдаған.  

ТЖМ тікұшағы Павлодардан Астанаға науқасты шұғыл жеткізді Фото: Бейнежазбадан

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы санитариялық авиация мамандарымен бірлесіп, науқасты шұғыл тасымалдауды жүзеге асырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуе кемесі Павлодар қаласынан 1958 жылы туған ер азаматты Астана қаласына жеткізді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін оны елордалық медициналық мекемеге апару қажет болған.

Тікұшақ экипажы мен медициналық бригаданың жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында науқас уақытылы дәрігерлердің қарауына тапсырылды.

Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы жеті айында санитариялық авиация желісі бойынша 363 әуе рейсі орындалып, 355 пациент тасымалданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу