ТЖМ тұрмыстық газды пайдалану кезінде абай болуды ескертеді

438

Жыл сайын елімізде табиғи және сұйытылған газбен улану салдарынан 30-дан астам адам қайтыс болады.  

ТЖМ тұрмыстық газды пайдалану кезінде абай болуды ескертеді Фото: gov.kz

Жылу беру кезеңіндегі күрделі мәселенің бірі – тұрмыстық газды пайдалану.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, азаматтардың ескірген және жарамдылық мерзімі өткен газ баллондарын пайдалану жағдайды қиындатып отыр.

"Сондай-ақ, тұтынушылардың көпшілігі, әдетте, баллондарын жақын маңдағы жанармай құю бекеттерінде толтырады. Алайда, заңға сәйкес жанармай құю бекеттерінде тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салынады, бұл газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздік талаптарын бұзу болып табылады", - дейді Марат Күлдіков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу