ТЖМ ұшқыштары екі науқасты шұғыл түрде эвакуациялады

174

Медициналық эвакуация жедел әрі қауіпсіз түрде орындалды.

ТЖМ ұшқыштары екі науқасты шұғыл түрде эвакуациялады Фото: canva

ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшқыштары науқастарды тасымалдау үшін санитарлық рейстерді орындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"ЕС-032 әуе кемесінің экипажы, ұшқыш Айбек Нуфтидің басшылығымен, Ақтөбе – Хромтау – Ақтөбе бағыты бойынша екі санитарлық рейс жасады. Ұшу барысында кейінгі медициналық көмек көрсету үшін екі науқас тасымалданды", – делінген хабарламада. 

Рейстер қалыпты режимде өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу