"Уәде еткен жұмыс та, ақша да жоқ": Павлодар облысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

631

Павлодар облысында бірнеше жергілікті тұрғын полицияға алаяқтық бойынша арыз түсірген.  

"Уәде еткен жұмыс та, ақша да жоқ": Павлодар облысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды Фото: Depositphotos

Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз бір азамат оларды беделді компаниялардың біріне вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруды уәде етіп, сенімге кірген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алаяқ өзін жұмысқа орналастыруға көмектесетін делдал ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен азаматтардан 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша қаражатын алған.

Алайда уәде етілген жұмыс та ұсынылмаған, берілген қаржы да қайтарылмаған.

– Уәде етілген жұмыс та, берген ақшамыз да қайтарылмады. Сол себепті полицияға жүгінуге мәжбүр болдық. Мұндай жағдайға қалай тап болғанымызды өзіміз де аңғармай қалдық, – дейді жәбірленушілер.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 29 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында оның кемінде 3 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу