Уақыт белдеуінің өзгеруі: ұялы байланыс операторлары үндеу жасады

342

Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Елдің басым бөлігінде сағат артқа жылжиды.  

Уақыт белдеуінің өзгеруі: ұялы байланыс операторлары үндеу жасады Фото: ortcom.kz

Қазақстанның ұялы байланыс операторлары біртұтас уақыт белдеуіне көшуге байланысты өз абоненттеріне үндеу жолдады, - деп хабарлайды inbusiness.kz.

Activ/Kcell,Tele2 және Beeline абоненттері Қазақстанда 1 наурызға қараған түні сағаттың өзгеруіне байланысты болуы мүмкін техникалық ақаулар туралы SMS-хабарламалар алды.

"01.03.24 ҚР бірыңғай уақытқа көшеді. Кейбір моб. қызметтердің жұмысы шектеулі болуы мүмкін: https://bee.gg/timekz Алаңдауға себеп жоқ", - деп хабарлады Beeline баспасөз қызметі.

Өзге ұялы байланыс операторлары да уақыт белдеуі ауысқанда банктер, мемлекеттік сервистер және басқалар сияқты серіктестер жүргізетін қосымша сервистерге уақыт белдеуін өзгерту жөніндегі техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу