ҰБТ-2023: барлық бейнежазба 31 қазанға дейін талданады

Тыйым салынған заттарды қолдану фактілері анықталса, талапкер білім беру грантынан айырылады. 

ҰБТ-2023: барлық бейнежазба 31 қазанға дейін талданады Фото: pixabay.com

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Барлық бейнежазба 2023 жылғы 31 қазанға дейін талданады. Тыйым салынған заттарды қолдану фактілері анықталса, талапкер білім беру грантынан айырылады. Негізгі ҰБТ-2023 барысында аппеляцияға 50 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 805-і қанағаттандырылды", – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. 

Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Еске сала кетсек, биыл 162 мың талапкер ҰБТ тапсырды. Оның 135 мыңы шекті балл жинады, бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 83%-ы. Орташа балл 73, ең жоғары көрсеткіш – 137 балл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу