Бүгінге дейін негізгі ҰБТ аясында 326 мың рет тест тапсырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық тестілеу орталығының дерегінше, ерекше білім беру қажеттілігі бар 657 талапкер ҰБТ-ға қатысты.
Тестілеу барысында ереже бұзғаны үшін 550 адамның нәтижесі жойылды, оның ішінде:
- 260 талапкер тыйым салынған заттарды алып өткені үшін тестілеуге жіберілмеді;
- 289 адам тестілеу кезінде ереже бұзып, аудиториядан шығарылды;
- бейнежазбаны тексеру нәтижесінде 1 адамның сертификаты жойылды;
- бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Пәндік комбинация таңдауда талапкерлердің:
- 18%-ы "Математика-Физика",
- 16%-ы "Биология-Химия",
- 13%-ы "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған.
Негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу