ҰБТ басталғалы талапкерлердің 76% шекті балл жинады

599

Әзірге ең жоғары көрсеткіш 137. 

ҰБТ басталғалы талапкерлердің 76% шекті балл жинады Фото: Minber.kz

Ал, мектеп түлектерінің басым бөлігі жинаған орташа балл 68 шамасында болып тұр. Бүгінге дейін ұлттық біріңғай тестті 40 мың талапкер тапсырған. Олардың 70 пайызы қазақ тілінде, ал 30 пайызы орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен. 

Биыл, ерекше білім беруді қажет ететін 108 талапкер тесттен өткен. Сондай-ақ, 50 талапкердің смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттар алып өткені анықталды.

Олар тест тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ, ережені бұзғаны үшін, аудиториядан 39 адам шығарылып, олардың да нәтижелері жойылған. Айта кетейік, елімізде мектеп түлектерін Ұлттық Біріңғай тестілеуден өткізу 5 шілдеге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу