ҰБТ: БҒМ ата-аналарға үндеу жасады

719

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктерінде карантин талаптары қатаң сақталады.  

ҰБТ: БҒМ ата-аналарға үндеу жасады

ҰБТ өткізу пунктеріне ата-аналар келмеуі керек. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz    тілшісі.

"Біз ата-аналарға ҰБТ өткізу пунктеріне келмеуге кеңес береміз. 
Бір жерде адамдар көп шоғырланбас үшін мұғалімдерге, ата-аналарға, ҰБТ өткізу пунктіне келуге тыйым салынды. Біз ата-аналарға онлайн сілтеме жібереміз. Осылайша, олар онлайн трансляция арқылы балаларының тесті қалай тапсырып жатқанын көре алады", – деді директор орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Дидар Смағұлов түлектер арақашықтықты қатаң сақтауы керегін атап өтті.

Оның айтуынша, тестілету өтетін ғимараттың кіреберісінде арнайы құрал болады. Ол түлектің дене қызуын, масканы дұрыс тағуын және оның жеке-басына қатысты мәліметті тексереді. 

"Егер оқушының қызуы 37 градустан жоғары болса, біз оның дене қызуын қайта тексереміз. Ол расталса, түлекке тесті басқа күні тапсыруға кеңес береміз. Түлек масканы дұрыс тағып кіруі керек. Маска болмаса, ол тестілеуге кіргізілмейді. Сондай-ақ арнайы құрал түлек туралы мәліметті жеке тұлғалардың мемлекеттік базасына сауал жіберіп, жауапты алады. Кейін ол аудиторияға жіберіліп, компьютер арқылы тест тапсырады",  деді директор.

 Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу