ҰБТ-дағы тапсырмалардың мазмұны қашан өзгеретіні айтылды

319

Биыл абитуриенттер үшін ешқандай өзгерістер күтілмейді.

ҰБТ-дағы тапсырмалардың мазмұны қашан өзгеретіні айтылды Фото: ortcom_kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова ҰБТ мазмұнын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгермейді. Келесі жылдан бастап тапсырмалардың мазмұны халықаралық стандартталған тесттерге сәйкестендіріліп әзірленеді. Бұл тесттер талапкерлердің білім деңгейі мен дағдыларын анықтауға мүмкіндік береді. Тиісті өзгеріс талапкерлерге қосымша жүктеме түсірмейді. Мектеп түлектеріне өздерінің білімді қаншалықты меңгергенін әрі оны алдағы оқу барысында қалай қолдана алатынын көрсетуге септігін тигізеді", – деді Гүлжан Жарасова Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз брифингінде.

Айта кету керек, бұған дейін елімізде ҰБТ форматы өзгеретінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу