ҰБТ-ны тегін онлайн тапсыруға арналған байқау сынағы іске қосылды

919

Тестілеуде ҰБТ-2023 жаңалықтарының барлығы бар.

ҰБТ-ны тегін онлайн тапсыруға арналған байқау сынағы іске қосылды

Ұлттық тестілеу орталығы оқушыларға ҰБТ байқау сынағын тапсыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгін біз ҰБТ-ға дайындалуға арналған онлайн байқау сынағын іске қостық! Тестілеуде ҰБТ-2023 жаңалықтарының барлығы бар", деп мәлім етті орталықтан. 

Атап айтқанда онда: 

- "математика-информатика" бейіндік пәндер комбинациясы; 

- жауап нұсқаларының қысқартылған саны;

- "Қазақстан тарихынан" – 20 сұрақ, "Оқу сауатынан" – 15 сұрақ бар.

"Байқау сынақтары арқылы негізгі ҰБТ-ға дайындығыңызды жақсартасыздар деп сенеміз",дейді Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу