ҰБТ тапсыру ережесіне өзгеріс енгізілді

225

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

ҰБТ тапсыру ережесіне өзгеріс енгізілді Фото: google.com

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қандай өзгеріс енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нақтырақ айтсақ, ережелерге қосымша екі тармақ қосылды:

Қазақ тілін В1 (орта) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар түлектер қалауы бойынша бейіндік пәнді немесе "Қазақ тілі" арнайы пәнін тапсырудан босатылады. Бұған қарамастан білім беру гранты конкурсына қатыса алады немесе балдарды аудару шкаласына сәйкес ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданады;

Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған түлектерге ҰБТ сертификаттары Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ сертификатының балдарына ауыстыру арқылы беріледі.

Құжат 15 сәуірге дейін қоғам талқылауында болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу