ҰБТ: Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа зат алып кіруге болмайды

554

 Бұл туралы тест тапсыру талаптарын түсіндірген, Орталық директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді. 

ҰБТ: Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа зат алып кіруге болмайды Фото: Kazakhstan Today

Биыл Ұлттық біріңғай тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып кіруге болмайды.Оның айтуынша,  тестілеу компьютерінде математика, физика, химия, информатика, география, биология пәндері бойынша электронды калькулятор бар.

Сондай-ақ, Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары да қолжетімді болады. Айта кетейік, елімізде мектеп түлектерін ұлттық біріңғай тестілеуден өткізу кеше басталған. Ол 5 шілдеге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу